Жаңалықтар

blog-image

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ GOLDMAN SACHS GLOBAL INSTITUTE КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЖАҺАНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ПРЕЗИДЕНТІ ДЖАРЕД КОЭНМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

  • Шымкент қаласы

Президент Goldman Sachs Global Institute компаниясының жаһандық мәселелер бойынша президенті Джаред Коэнмен кездесу өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық Goldman Sachs жетекші инвестициялық банкінің Қазақстан Ұлттық банкімен ұзақ мерзімді серіктестік орнатқанын атап өтіп, ықпалдастық деңгейіне жоғары баға берді. Мемлекет басшысының айтуынша, толық цифрлық мемлекетке айналуды көздейтін Қазақстан жасанды интеллект, қаржы экожүйесін цифрландыру салаларындағы ынтымақтастыққа қызығушылық танытады. Ал, […]

Барлығын оқу
blog-image

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ CAMECO КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ТИМ ГИТЦЕЛЬДІ ҚАБЫЛДАДЫ

  • Шымкент қаласы

Президенттің Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары канадалық трансұлттық компанияның басшысымен кездесуден басталды. Жүздесуде уран өндіру саласындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Cameco «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрыннан келе жатқан сенімді серіктесі екенін атап өтті. Елімізде қызмет ете бастағаннан бері аталған компания 500 миллион доллардан астам инвестиция құйған әрі технологиялар трансфертіне ықпал еткен. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан энергетиканы […]

Барлығын оқу
blog-image

ЦИФРЛЫҚ ТЕҢГЕ – ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ СЕРПІН

  • Шымкент қаласы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында елдің қаржы саласындағы стратегиялық бағыттарын айқындап берді. Мемлекет басшысы цифрлық активтердің толыққанды экожүйесін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Президенттің айтуынша, цифрлық теңгенің енгізілуі осы бағыттағы жұмысты жеделдетіп отыр. Қазіргі таңда жобаларды Ұлттық қор есебінен қаржыландыру кезінде цифрлық теңге қолданылып келеді. Енді оның қолданыс аясын кеңейтіп, республикалық және жергілікті бюджетте, […]

Барлығын оқу
blog-image

ФЕЙК АҚПАРАТПЕН КҮРЕСТЕ ШЕТЕЛДІК АККАУНТТАРДЫҢ ЖОЛЫН КЕСУ ҚИЫН БОЛЫП ТҰР

  • Шымкент қаласы

Фейк ақпараттарды тыю, оларға қолданылатын жауапкершіліктерді қатаңдату туралы барлық деңгейдегі билік тармақтарында жиі қозғалып жүр. Оған мысал ретінде өткенде ғана Шымкент қаласына іссапармен келген Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаеваның аузынан шыққан сөздерді келтіруге болады. Тағы бір мысал, күні кеше ғана Мәжіліс депутаты Сергей Пономаревтің айтқан пікірі болды. Мәжілісмен С.Пономарев 24.kz ақпараттық порталына берген жауабында Қазақстанда […]

Барлығын оқу
blog-image

ШЫМҚАЛАДА ӨЗБЕК ЭТНОСЫ КҮНІ ДҮРКІРЕЙ АТАЛЫП ӨТТІ

  • Шымкент қаласы

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Шымкент қаласындағы Орталық саябақта Қазақстан Республикасы өзбектері этномәдени бірлестіктері «Дўстлик» қауымдастығының ұйымдастыруымен «Өзбек этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күні» кеңінен аталып өтті. Мерекелік шараның шымылдығы Шымкент қалалық өзбек драма театры әртістерінің Абай мен Әлішер Науаи бейнелерін сомдаған ерекше сахналық көрінісімен ашылып, қонақтар ұлттық құндылықтарды айшықтаған көрмелерді тамашалады. Іс-шараға […]

Барлығын оқу
blog-image

ШЫМКЕНТТЕ НЕМІС МӘДЕНИЕТІНІҢ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

  • Шымкент қаласы

Шымкент қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және «Возрождение» неміс мәдени орталығының 35 жылдығына арналған мерекелік фестиваль өтті. Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталып, мерейлі мерекеге жиналған көпшілікке ұлттық және классикалық ән-билер ұсынылды. Қала қонақтары неміс жастары клубының өнерін тамашалап, түрлі жанрдағы шығармаларды тыңдап, этностық мәдениеттің байлығына куә болды. Фестиваль барысында Шымкент […]

Барлығын оқу
blog-image

ТАЗАЛЫҚ КҮНІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ЖҮЗДЕГЕН ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

  • Шымкент қаласы

Бүгін еліміздің барлық өңірінде «Дүниежүзілік тазалық күні» аясында кең ауқымды экологиялық акция өтті. Бұл бастама қоршаған ортаны қоқыстан тазарту, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және табиғатты аялауға үндеуге бағытталған. Аталған игі іске Шымкент қаласы да белсенді түрде қатысты. Қала аумағында өткен жалпықалалық сенбілікке мыңдаған қала тұрғындары, жастар, еріктілер, мемлекеттік мекемелер, түрлі ұйымдар мен білім беру орындары […]

Барлығын оқу
blog-image

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕН КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТЫ

  • Шымкент қаласы

Ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру – ел экономикасының маңызды басымдықтарының бірі. Қазіргі таңда көптеген аймақтарда өндірістің барлық сатысын қамтитын үздік агрокәсіпорындар жұмыс істеп келеді. Оларды халық жақсы біледі және бұл кәсіпорындар цифрландыру тәсілдерін кеңінен енгізу арқылы өндірістің тиімділігін айтарлықтай арттыруға әсер етіп жатыр. Кәсіпкерлер елімізді цифрлық дамытудың негізгі қозғаушы күшіне айналуы тиіс. Шағын және орта […]

Барлығын оқу
blog-image

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ДОСТЫҚ ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ РӨЛІ

  • Шымкент қаласы

Бүгін Шымкент қаласында «Орталық Азия елдері арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Бұл басқосудың негізгі мақсаты – Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім мен татулықты нығайтудағы тәжірибесін талқылап, Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты дамытудың жаңа мүмкіндіктерін айқындау. Жиында ұлтаралық достықты сақтау ісінде қалыптасқан үлгілер сараланып, мемлекетаралық қарым-қатынастардың жаңа […]

Барлығын оқу
blog-image

ЖАСЫЛ ЭНЕРГИЯ ЖӘНЕ ТРАНЗИТТІК ӘЛЕУЕТ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

  • Шымкент қаласы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауынан: әлемде транзиттік бағыттар үшін бәсекелестік күшейіп келеді. Арзан балама жолдар мен жаңа бағыттар ұсынылуда. Қазақстан бұл жағдайда алдын ала әрекет етіп, әрдайым бір қадам алда болуы қажет. Бұл еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға және халықаралық көлік дәліздеріндегі рөлін күшейтуге ықпал етеді. Сонымен қатар, Мемлекет […]

Барлығын оқу