Жаңалықтар
ҚЫРКҮЙЕКТЕН БАСТАП 857 ЖАС БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ
- Шымкент қаласы
Шымкент қаласы бойынша баспаналы болғысы келетін 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастардан мемлекеттік бағдарламаға қатысу үшін 1 мың 631 өтініш келіп түсті. Өтінімдерді қабылдау биылғы жылдың 28 шілдесі күні сағат 09:00 ден 29 шілде күнгі сағат 19:00 аралығында жүргізілді. Өтінімдерді саралау, байқау нәтижесі биылғы жылдың қыркүйек айында жария етілетін болады. Өтінімдердің кейбірі құжаттарының толық еместігіне […]
Барлығын оқу
ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНЫҢ СОҢЫНДА АЯҚТАЛАДЫ
- Шымкент қаласы
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардағы жылу жүйелерінің қысқа дайындығын тексеріп шығып, саланың жауапты мамандарына бірқатар тапсырмалар берді. Шаһардағы жылу жүйлерін тоздырмай қалыпты жағдайда ұстап тұру мақсатында биыл 19,4 шақырым жылу құбырын ауыстыру ісі басталған болатын. Бүгінгі таңға дейін оның 17,8 шақырым жері, яғни жұмыс көлемінің 92 пайызы аяқталды. Қаланың […]
Барлығын оқу
ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНДА 123 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
- Шымкент қаласы
Шымкент републикадағы дербес қала мәртебесіне ие болғалы бері инвестиция салуға қолайлы аймақтың біріне айналды. Еліміз Тәуелсіздік алған отыз жылдың ішінде алып шаһарға триллион теңгеден астам инвстиция тартылған болса, ал соңғы үш жылдағы қалаға келген инвестиция көлемі 1 триллион 55 миллиард 100 миллион теңге болған. Ал,биылғы 5 айдың ішінде қала экономикасына 96,9 миллиард тенге инвестиция тартылған. […]
Барлығын оқу
ШЫМКЕНТТЕ СУРДЛИМПИАДАЛЫҚ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ
- Шымкент қаласы
Шымкент қаласында жазғы сурдлимпиадалық спорт ойындарының спартакиадасы басталды. Құлағы естімейтін кәсіби спортшылардың сайысы елімізде осымен үшінші рет жалауын көтерді. Жарыс қатысушылары бәсекеде спорттың 11 түрі бойынша күш сынасуда. Хайратхаан Шонку – биыл Бразилияда өткен сурдлимпиада ойындарының чемпионы. Мүмкіндігінің шектеулі болғанына қарамастан грек рим, еркін күреспен шұғылданып спортта биік белестерді бағындырып келеді. – Біз спорт […]
Барлығын оқу
ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТ ҰСТАЗЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
- Шымкент қаласы
Бүгін, 5 қыркүйек – Алаш ардақтысы, қазақ тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Осыған орай, Шымкент қаласында салтанатты жиын өтіп, ұлт ұстазының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Ұлы тұлғаның 150 жылдығына орай, «40 мысал, 40 мақал» атты көшпелі әдеби тіл керуені өтті. «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы […]
Барлығын оқу
ШЫМКЕНТТЕ 1 МЫҢҒА ТАРТА СПОРТ НЫСАНЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
- Шымкент қаласы
Бұқаралық спорттың дамуы және спортпен шұғылданушылар қатарының көбеюі жаттығу алаңдарының санына тікелей байланысты. Шымкент қаласында бұл бағытта кешенді жұмыстар жүргізіліп келеді. Соның нәтижесінде қазіргі уақытта шаһарда спорттық нысандар саны 933-ке жетті. Биыл бюджет есебінен қалада 3 және жеке инвесторлардың қаражатына 4 спорт нысанының құрылысы жүргізілуде. Оған қосымша тағы 38 спорт алаңшасы салынып, жуық арада пайдалануға […]
Барлығын оқу
МҰҚТАЖДЫҚПЕН БАСПАНА АЛСА ДА ОНДА ТҰРМАЙТЫНДАР АНЫҚТАЛДЫ
- Шымкент қаласы
Шымкент қаласында мемлекет тарапынан пәтер алған арнайы санаттағы азаматтардың кейбірі оны мақсатты пайдаланбайтыны белгілі болды. Көп пәтерлі арендалық үйлерге қатысты тұрғын үй басқармасы тарапынан жергілікті құқық қорғау органдарының қатысуымен биыл жыл басынан бері 477 пәтерге тексеру жүргізілген. Нәтижесінде олардың ішінде 40-қа жуық пәтер иесінің заң бұзғаны анықталып, оларға ескерту хаты берілді. Ал былтыр 811 пәтерге […]
Барлығын оқу
СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР – ТЕГІН
- Шымкент қаласы
Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мамандандырылған стоматологиялық кабинет ашылды. Жаңадан ашылған кабинетте дәрігерлер церебральды сал ауруына шалдыққан және басқада мүмкіндігі шектеулі балалардың ауыз қуысы мен тісін арнайы әдіспен, наркоз беру арқылы жеңіл түрде емдейді. «Асар» мөлтек ауданындағы балалар ауруханасында ашылған стоматалогиялық кабинетте науқастар тегін қабылдайды. Ол үшін жергілікті емханадан пациенттің жолдамасы қажет. Стоматологиялық кабинетте […]
Барлығын оқу
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛЕДІ
- Шымкент қаласы
«Ағайынның басына түскен ауыртпалықты көп боп жұмыла көтеру ұлтымызға тән ұлық қасиет». Осылай деп бастама көтерген Шымкент қаласының жұртшылығы өрттен зардап шеккен Қостанай облысының тұрғындарына арнап гумманитарлық көмек болатын заттарды жинауға кірісті. Торғайлықтарға көмек беру үшін «Аманат» партиясы «Жастар рухы» қатарынан еріктілер тобы жасақталып, қажетті заттарды жинауға кірісіп кетті. Гуманитарлық іске қолдау білдірген шаһар жұртшылығы […]
Барлығын оқу
ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕПТЕР САНЫ АЗАЙДЫ
- Шымкент қаласы
Бүгін Шымкент қаласындағы 223 мектепте алғашқы қоңырау соғылды. Жайдары жаздың үш ай қызығын аяқтаған оқушылар сағынышпен алтын ұя-мектептеріне оралды. Осылайша, биылғы оқу жылында 242мың 525 оқушы партаға жайғасып, білім жолындағы ізденістеріне кірісті. Оларға 19 мыңнан аса педагог сабақ беретін болады. Бүгін шаһардағы Қарсыбай Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінде өткен салтанатты жиынға қала әкімінің бірінші орынбасары […]
Барлығын оқу