Жаңалықтар
17 ЖАСҚА ТОЛМАҒАН БАЛАЛАР ТЕГІН ҰШАДЫ
- Түркістан облысы
17 жасқа толмаған балалар ел ішінде тегін ұша алады. Турпакет аясында сапарлаған отбасындағы балалардың билет құнын енді мемлекет өтеп береді. Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі бұйрық 1 қаңтардан бастап күшіне енгенін хабарлады. Онда ел ішіндегі туристік орталықтардан жолдама сатып алынған жағдайда кәмелетке толмаған жолаушыға авиабилеттерді субсидиялау туралы айтылған. Бұл елдің барлық аумағына қатысты. Министрлік […]
Барлығын оқу
ШЫМКЕНТТЕ БӘЙШЕШЕК ҚАУЫЗ АШТЫ
- Шымкент қаласы
Шымқалада көктемнің алғашқы гүлі – бәйшешек қауыз ашты. Қаланың шеткі ауданы саналатын Ақтас шағынауданына қатынайтын автожол бойындағы беткейде гүлді қызықтап, фотосуретке түсіріп жүрген тұрғындар көп. Еліміздің өзге өңірлерінде қыс қаһары күшіне еніп тұрған қаңтар айында мұндай құбылыс желі қолданушыларын алаңдатып отыр. Табиғатта қытымыр қыстың мұндай жылымыққа жалғасып, өсімдіктердің гүлдеуіне ұласқан құбылуы 2016, 2019 жылдары орын […]
Барлығын оқу
КЕСЕНЕ АУМАҒЫНДА ДРОН ҰШЫРУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ
- Түркістан облысы
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен оның айналасында дрон аппараты арқылы фото, видеоны рұқсатсыз түсіруге тыйым салынды. Бұл жөнінде “Әзірет Сұлтан” мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің фейсбуктегі ресми парақшасы бөліскен. Ресми парақша таратқан хабарламада “Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы еліміздегі әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы № 706 бұйрығына […]
Барлығын оқу
АУЫЛ ӘКІМІНІҢ ЖҮЛДЕСІ САРАПҚА САЛЫНДЫ
- Түркістан облысы
Түркістан облысы Келес ауданының Абай ауылында мектептердің жоғары сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында баскетболдан спорттық жарыс өтті. Жарыстың ашылу салтанатында Абай ауылының әкімі Ерғали Тастемірұлы құттықтау сөз арнап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Спорттық шараның жастарға салауатты өмір салтын насихаттау, жасөспірімдердің спортпен жүйелі айналысуына ықпал етуді мақсат етті. Ойынға 6 команда қатысты. […]
Барлығын оқу
ҒИМАРАТТАР ЖАҢА СӘУЛЕТТІК КЕЛБЕТКЕ ЕНУДЕ
- Түркістан облысы
Түркістан облысы Келес ауданынының орталығы Абай ауылында бірнеше ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізіліп, жаңа келбетке енуде. Олар: Әшірәлі Кенжеев атындағы аудандық мәдениет үйі, аудан әкімі аппаратының ғимараты және аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер жайғасатын кеңсе. Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Алмас Сексенбаев күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан нысандарға барып, құрылыс барысын бақылады. Әшірәлі Кенжеев атындағы аудандық мәдениет […]
Барлығын оқу
КЕЛЕСТІК ДИҚАНДАРДЫҢ ӨНІМДЕРІ АЛМАТЫНЫҢ САУДА ҮЙЛЕРІНДЕ САУДАЛАНАДЫ
- Түркістан облысы
Бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов Түркістан облысы Келес ауданы шаруаларымен кездесіп, олардың өндірген өнімін Алматы қаласының базарларында саудалауға байланысты келіссөз жүргізді. Екі жақты байланыс орнату үшін аймаққа Алматы қаласы ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Дамир Тазабек, СПК Алматы кәсіпорнының директоры Азиз Турғанов, «Магнум», «Той Маркет», «SMALL» сауда үйлерінің өкілдері арнайы келді. Кездесу барысында сауда үйлерінің […]
Барлығын оқу
1,5 МЫҢ ГЕКТАРДАН ҮШ РЕТ ӨНІМ ЖИНАЛДЫ
- Түркістан облысы
Еліміздің өзге аймақтарында қар жауып, қыстың ызғары басталған тұста түстіктің шаруалары күзгі жиын терімге кірісті. Жердің бабы мен күн райының қолайлы кезеңін үйлестіре білген Келес ауданының диқандары ашық алқаптан көктемнен бері үшінші рет өнім жинауда. Ғылыми негізделген жаңашыл әдістің арқасында жермен жан баққан ауылдағы ағайынның табыс көбейіп, өнімділік артты. Райымбек Тастеміров қазір үшінші рет егілген […]
Барлығын оқу
«МЕКЕНІМ – ЖАСЫЛ ОРМАНЫМ»
- Түркістан облысы
“Бұлақ көзін ашып, көзіңді қалдыр, жақсылық мұра шашып, ізіңді қалдыр, бау-бақша өсіріп, өзіңді қалдыр ” дейді бабалар тәмсілі. Адамзат өмірінде қай заманда да, қай қоғамда болмасын озық ойлы, өз заманы мен өз замандастарынан оқ бойы алда жүретін көшбасшылар маңайын жасыл желекке айналдырып, төңірегіне ағаш егуге, осындай ізгі істермен есімін есте қалдыруға ерекше мән берген. Қазақстан […]
Барлығын оқу
КЕЛЕСТІК БОЙЖЕТКЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
- Түркістан облысы
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай түрлі этнос жастары арасында өткен «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» республикалық байқауында Түркістан облысы, Келес ауданының атынан қатысқан Муаттар Адиханбаева жүлделі І орынға ие болды. Ол Тойды Бегманова атындағы орта мектепте химия пәні бойынша ұстаздық етіп келе жатқан жас маман. Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігі Тіл комитеті Ш. […]
Барлығын оқу
ЕЛБАСЫНЫҢ ТАРИХИ ШЕШІМІ АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА СЕРПІН БЕРДІ
- Түркістан облысы
2018 жылдың 6 маусымында ҚР тұңғыш Президенті, “Nur Otan” партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы жарлық шығарып, Келес өз алдына дербес аудан болып қайта құрылған болатын. Осыны негізге алып 2018 жылдың 10 шілдесінде облыстық мәслихаттың кезектен тыс 27-сессиясы өтіп, оның шешімімен Келес ауданы аумағы 345 мың 120 гектар болып белгіленді. […]
Барлығын оқу