Жаңалықтар
КЕЛЕС АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ 96 ПАЙЫЗЫ ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛДЫ
- Түркістан облысы
Түркістан облысы Келес ауданы тұрғындарының 96 пайызы коронавирсқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуы жайлы БАҚ өкілдерімен болған брифингте аймақ басшысы Ақментай Есбаев мәлімдеді. Жалпы ауданда 120 мың 773 адам тұратын болса, соның 65 мың 473-і вакцина алуы тиіс топқа кіреді. Бүгінгі таңға дейін осы топтағы азаматтардың 62 мың 772-і арнайы вакцинаның бірінші […]
Барлығын оқу
АЙМАН ОЗЫҚ СҰХБАТШЫ АТАНДЫ
- Түркістан облысы
Еліміз бойынша жүргізілген халық санағында уақытпен санаспай қызмет еткен Түркістан облысы Келес ауданының тұрғыны Айман Аманова озық сұхбатшы атанды. Ол халық санағы кезінде 127 үйді аралап, 450 респондетті тіркеуге алған. Елімізде 1 қыркүйектен 15 қазанға дейін жүргізілген халық санағында респонденттер онлайн режимінде sanaq.gov.kz, egov.kz сайты, egov.kz, aitu (қосымша) сайттары арқылы санақ жүргізді. Ал, 1 және […]
Барлығын оқу
АСЫЛТҰҚЫМДЫ ҚҰСТАРДЫҢ ЖӘРМЕНКЕСІ ӨТТІ
- Түркістан облысы
Түркістан облысы Келес ауданының орталығы Абай ауылында өткен жәрмеңкеге Түркістан облысының аудандарынан, сонымен қатар, Шымкент, Тараз қалаларын да қонақтар келіп қатысты. Жәрменкені «Челкар» кептерлерге қызығушылар клубы ұйымдастырды. Жәрмеңкеге қатысушы Қаңлыбай Жанжігітов құс өсіруді өзінен үлкен ағаларынан үйреніп, онысы кейіннен сүйікті іске, хоббиге айналған. Жасы 60-тың асқарына шыққан жігіт ағасы ауласындағы шағын ғана құс қорасында 30-ға […]
Барлығын оқу
“СЕРГЕК” КАМЕРАСЫ МЕН БЕКНЕБАҚЫЛАУ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ ОРНАТЫЛАДЫ
- Түркістан облысы
Түркістан облысы Келес ауданы аумағынан өтетін автокөлік жолдарының бойына бейнебақылау қондырғылары орнатылмақ. Бұл туралы аймақтың экономикалық-әлеуметтік дамуы туралы және бұл бағытта биылғы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар бойынша БАҚ өкілдерімен болған брифингте аудан әкімі Ақментай Есбаев айтты. – Ауданымыздағы барлық тұрғындар өздерін қауіпсіз сезінетін өңір болуы тиіс. Қылмысты болдырмау және алдын алу мақсатында, облыстық полиция […]
Барлығын оқу
КЕЛЕСТІКТЕР ТҮРКІСТАНДЫ ТҮЛЕТУДЕ ТОЛАЙЫМ ІСТЕР АТҚАРУДА
- Түркістан облысы
Күн санап түрленіп келе жатқан Түркістан қаласында “Сәлем саған, Түркістан!” өнер фестивалі басталды. Бір аптаға созылатын фестиваль аясында көптеген мерекелік шаралар өткізу жоспарланған. Аталған шараға Келес ауданының өнерпаздары да қатысып, өнер көрсететін болады. Сондай-ақ, мерекелік апталықта ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі мен облыстық “Жанубий Қозоғистон” қоғамдық-саяси газетінің мерейтойына арналып, “Этноауыл” кешенінде аудандар арасындағы облыстық тағам […]
Барлығын оқу
КҮЗГІ ХАНЗАДА МЕН ХАНШАЙЫМ САЙЫСЫ ӨТТІ
- Түркістан облысы
Түркістан облысы Келес ауданы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойына орай “Күзгі ханзада мен ханшайым” сайысы ұйымдастырылды. Аудандық мәдениет үйінде өткен байқау жастардың талабын шыңдау, ұлттық салт-дәстүрлерімізді дәріптеу, ұлттық сана қалыптастыруды көздеді. Сайыс төрт кезеңнен тұрды. Оның алғашқысында сайыскерлер өздерін өлең сөзбен көпшілікке таныстырса, екінші кезеңде өз өнерлерін ортаға салды. Ән […]
Барлығын оқу
ТОЙХАНА МЕКТЕПКЕ АЙНАЛДЫ
- Түркістан облысы
Түркістан облысы, Келес ауданындағы кәсіпкерлер иелігіндегі тойханаларын өзге қызмет түрлеріне бейімдеуде. Солардың бірі Ақтөбе ауыл округінің тұрғыны Досжан Ескендіров. Кәсіпкер Қызыл әскер ауылындағы «Нұр» тойханасын биылғы оқу жылынан бастап мектепке айналдырды. Оның мұндай шешім қабылдауына төрткүл дүниені жайлаған пандемия мен карантиндік шектеулер себеп болған. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты жиын-тойға шектеу қойылғандықтан уақытында сауық-сайран мен той-думанның ордасы […]
Барлығын оқу
КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ
- Түркістан облысы
Бүгін Түркістан облысы Келес ауданында жаңа мешіттің құрылысы аяқталып, халық игілігіне берілді. Сатыбалды Иманбердіұлы есімі берілген имандылық үйінің ашылуына еліміздің бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы, Түркістан облысының бас имамы Еркебұлан Қарақұлов, Келес ауданының бас имамы Айдарәлі Садықов, ауданның ардақты ақсақалдары және мешітті салдырған Сатыбалды әулеті қатысты. Салтанатты түрде ашылған мешітте әруақтарға Құран бағышталып, ақсақалдар батасын […]
Барлығын оқу
6 МЫҢ ГЕКТАРДАН АСА ЖЕР ҚАЙТА АЙНАЛЫМҒА ҚОСЫЛДЫ
- Түркістан облысы
Түркістан облысы Келес ауданында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 151 жер учаскесі қайта айналымға қосылды. Нәтижесінде 6 мың гектардан астам жер телімі жеке және заңды тұлғаларға берілді. Бұл мақсатта өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнінде ауданда үш рет конкурс өткізілді. Жерді пайдалану заңдылықтарының сақталуы және бос жерлерді түгендеу жұмыстары Жүзімдік, Ошақты, Ақтөбе, Бірлік және Біртілек […]
Барлығын оқу
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ АЛДЫН АЛҒАН ЖӨН
- Түркістан облысы
«Апат айтып келмейді» демекші, төтенше жағдайдайға кезікпеймін деп ешкім де айта алмайды. Кейде адамдардың салғырттығы түрлі техногендік апаттарға соқтырып жатады. Сондықтан, бұл арада олардың алдын алу жұмыстарын жүргізу, әсіресе, жылыту маусымы басталар тұста зор маңызға ие. Өйткені, бұл кезең тілсіз жауға қатысты төтенше жағдайлардың қаупі артатын мезгіл. Қазан айынан бастап Түркістан облысы Келес ауданында жылыту […]
Барлығын оқу