Жаңалықтар
ЖӘМИ МЕШІТ СӘУЛЕТ ЕСКЕРТКІШІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
- Шымкент қаласы
Қазіргі уақытта Шымкент қаласындағы Шыңғысбай қажы Дәуітұлы атымен аталатын мешіт – Шымкент қаласының ең көне сәулет ескерткіші ретінде саналады. Бұл нысан қала тарихымен қоса өркендеп отырып, түрлі атаулармен аталды. Еліміз алғаш тәуелсіздік алған жылдарында өзен бойында орналасуына қарай тұрғындар арасында «Қошқар ата мешіті», «Ескі қаладағы мешіт», «Жәми мешіт» деген атаулары қалыптасты. Тек өткен ғасырдың 95-98-ші […]
Барлығын оқу
ҚАЖЫМҰҚАН СТАДИОНЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЙЫС ӨТКІЗУГЕ ДАЙЫН
- Шымкент қаласы
2026 жылдың басты жарыстарының бірі – XXXV Ғұсман Қосанов мемориалы. Дәстүрлі халықаралық турнир 30 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді. Биылғы жарысқа Қазақстаннан бөлек Өзбекстан, Тәжікстан, Үндістан, Жапония, Филиппин, Әзербайжан, Грузия, Түркия және Египет мемлекеттерінен 800-ге жуық спортшы қатысады деп күтіліп отыр. Алдағы уақытта Шымкент қаласында жеңіл атлетикадан Азия чемпионатын өткізу жоспарланып отыр. Бұл жарысқа […]
Барлығын оқу
РУХАНИ ОРТАЛЫҚТА ЕЛ АУЫЗБІРШІЛІГІН НЫҒАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ШАРА ӨТТІ
- Шымкент қаласы
Елімізде Құрбан айт мейрамы кең көлемді аталып өтіледі. Биылғы 2026 жылдың 27-мамыр күні келген мейрам күні жалпыхалықтық сипаттағы қайырымдылық шаралары да қолға алынып жатыр. Соның бірі Шымкент қаласындағы «Ойсыл баба – Сіргелі» рухани орталығында (Ақмешіт) атқарылды. «Елшібек батыр» қайырымдық қоры есебінен Рухани орталықтағы мешітте құрбандық шалынып, еті мұқтаж отбасыларға таратылған. Ал, мұқтаж отбасылардың тізімін жер-жердегі ауылдардың ақсақалдары […]
Барлығын оқу
КӨНЕ ШЫМКЕНТ ПЕН САЙРАМНАН ТАБЫЛҒАН АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘДІГЕРЛЕР
- Шымкент қаласы
Шымкент пен оның іргесіндегі Сайрам — Қазақстанның ғана емес, Орталық Азияның ең көне мәдени ошақтарының бірі. Бұл өңірдегі археологиялық қазба жұмыстары тарихтың терең қабаттарынан сыр шертетін бірегей жәдігерлерді жарыққа шығарды. Төменде осы екі көне шаһардан табылған маңызды археологиялық олжаларға шолу ұсынамыз. Көне Шымкент: 2200 жылдық тарих айғақтары Шымкент қаласының дәл орталығында орналасқан «Ескі қалашық» […]
Барлығын оқу
ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ АТҚАРЫЛДЫ
- Шымкент қаласы
18-сәуір Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні. Осы халықаралық атаулы күнге орай Шымкент қалалық музейлер бірлестігінің қызметкерлері ескерткіштер мен тарихи орындар аумақтарында сенбілік жұмыстарын атқарды. Шымкент қалажұрты (б.з.д ІІІ-ІІ ғғ. б.з.-ХІХ ғғ.) – жергілікті маңызы бар ескерткіштер санатына жатады. Бүгінде бұл археология ескерткіші ашық аспан астындағы музейіне айналдырылған. Шымкент қалалық музейлер бірлестігіне қарасты «Шым […]
Барлығын оқу
ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІНДЕ ТАРИХИ ТУЫНДЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ
- Шымкент қаласы
Рухани байлықтың бастауы – кітап. Оқырман мен кітап арасындағы алтын көпірді нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында еліміздің мәдени өмірінде түрлі тағылымды шаралар ұйымдастырылып келеді. Осы орайда қаламызда «Ұлттық кітап және кітапханашылар күні» аясында «Руханиятқа жол – кітаптан» атты мәдени-ағартушылық іс-шара өтті. Тағылымды кеш А.С. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында ұйымдастырылып, кітапсүйер қауымның басын қосты. Шараға […]
Барлығын оқу
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ӨТКЕН АУҚЫМДЫ ЭКО-АКЦИЯДА 2 МЫҢНАН АСТАМ АҒАШ ЕГІЛДІ
- Астана қаласы
Түркістан қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ауқымды іс-шара өтті. Игі бастамаға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, облыстық басқармалар мен департаменттер басшылығы мен ұжымы, мемлекеттік қызметшілер, қала тұрғындары, тазалыққа жауапты мекеме жұмысшылары және Түркістан қаласы әкімдігі мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. ⤵️Өңір басшысы Нұралхан […]
Барлығын оқу
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды
- Астана қаласы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы t.me/aqorda_resmi телеграм арнасы хабарлаған. Мәртебелі мейманды Бұқара қаласының әуежайында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алған. Салтанатты қарсы алу рәсімінде Қазақстан Президентінің құрметіне ұлттық ән мен би орындалды. Бүгін мемлекеттер басшылары бейресми кездесу өткізіп, шаһардағы бірқатар тарихи және өнеркәсіп нысанын аралайды.
Барлығын оқу
Шымкент: ЕАЭО аясында жасанды интеллект пен сауда мәселелері талқыланды
- Шымкент қаласы
Бүгін Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О.Бектеновтің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің тар форматындағы отырысы өтті. Бұл туралы Қазақстан Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлаған. Аталған отырысқа Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент әкімшілігінің басшысы А.Касымалиев, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы М.Мишустин, Беларусь Республикасының Премьер-Министрі А.Турчин, Армения Республикасының вице-премьері М.Григорян, ЕЭК алқасының төрағасы Б.Сағынтаев қатысқан. «Биыл Қазақстан Еуразиялық […]
Барлығын оқу
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты
- Астана қаласы
Ақордада өткен іс-шараға Премьер-министр Олжас Бектенов, Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, Үкімет мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың жетекшілері, облыс, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, сондай-ақ Конституциялық комиссия мен Жалпыұлттық коалиция мүшелері қатысты. t.me/aqorda_resmi
Барлығын оқу